Серік Мақашұлы Жұманғарин (22 шілде 1969 жыл, Ақтөбе) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, экономист, физик, 2022 жылдың қыркүйегінен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары және 2022–2023 жылдары Сауда және интеграция министрі.

Quick Facts Лауазымы, 2 қыркүйек 2023 жылдан бері ...
Серік Мақашұлы Жұманғарин
Thumb
Жұманғарин 2023 жылы
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары
Ту
Ту
2 қыркүйек 2023 жылдан бері
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Әлихан Смайылов
Ізашары премьер-министр орынбасары — Сауда және интеграция министрі ретінде өзі
Ту
Ту
Премьер-министр орынбасары — Сауда және интеграция министрі
Ту
Ту
2 қыркүйек 2022 — 2 қыркүйек 2023
(15 тамыз–2 қыркүйек 2022 м.о.)
Премьер-Министр Әлихан Смайылов
Ізашары премьер-министр орынбасары ретінде Бақыт Сұлтанов
Ізбасары премьер-министр орынбасары ретінде өзі, Сауда және интеграция министрі ретінде Арман Шаққалиев
Ту
Ту
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы
Ту
Ту
14 қыркүйек 2020 — 15 тамыз 2022
Ізашары ?
Ізбасары Марат Омаров
Ту
Ту
Еуразиялық Экономикалық комиссия Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі
Ту
Ту
20 желтоқсан 2019 — 14 тамыз 2020
Төрағасы Тигран Саргсян
Михаил Мясникович
Ту
Ту
Ұлттық экономика вице-министрі
Ту
Ту
19 қаңтар 2017 — 10 сәуір 2019
Министрі Тимур Сүлейменов
Руслан Дәленов
Ту
Ту
Өңірлік даму вице-министрі
Ту
Ту
ақпан 2013 — 15 тамыз 2014
Министрі Болат Жәмішев
Өмірбаяны
Білімі 1) Ленин ордені және Қазан төңкерісі орденінің Мәскеу энергетикалық институты (1993);
2) Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1997);
3) Халықаралық бизнес академиясы (2013).
Мамандығы 1) жылу физикасы;
2) экономика;
3) іскерлік басқару магистрі.
Дүниеге келуі 22 шілде 1969 (1969-07-22) (55 жас)
Ақтөбе, Ақтөбе облысы, Қазақ КСР, КСРО[1]
Балалары 3
Марапаттары
Серік Мақашұлы Жұманғарин Ортаққорда
Close

Бұрын Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (2020–2022), Еуразиялық Экономикалық комиссия Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі (2019–2020), Ұлттық экономика вице-министрі (2017–2019) және Өңірлік даму вице-министрі (2013–2014) болған.

Жастық шағы және білімі

Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылдың 22 шілдесінде, Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Жұманғарин 1993 жылы жылу физикасы мамандығына Мәскеу энергетикалық институында, 1997 жылы экономист мамандығына Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде және 2013 жылы іскерлік басқару мамандығынан магистр дәрежесіне Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес академиясында білім алған.

Мансабы

Thumb
Мәжілістің Жұманғаринның Премьер-Министр орынбасары – Сауда және интеграция министрінің кандидатурасына келісім беруі, сәуір 2023

1993–2004 жылдары Жұманғарин еңбек жолын кәсіпкерлікпен бастады.[2] 1993–1994 жылдары «Тынай» ХЖҚ директоры болды және 1994–2004 жылдары аралығында «Медкорп» жеке кәсіпорнының директоры, «АСБ» жеке кәсіпорнының бас есепшісі және директоры, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ өкілдігінің директоры, «Компания Global» ЖШС коммерциялық директоры, «Батыс Ойл Газ» Корпорациясы» ЖШС бас директоры болған.[1]

2005 жылы ол өзінің саяси мансабын Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары ретінде бастады, бұл қызметте 2006 жылға дейін болды. Сол жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болса, 2007–2008 жылдары сол агенттіктің басшысы болған. Сол жылдың наурызынан маусымына дейін ол, оған қоса, агенттіктегі департаменттердің бірін басқарған.[1]

2008 жылдың маусымында Жұманғарин Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры қызметтерінде болды, бұл лауазымдарда 2010 жылдың сәуіріне дейін болған. Бұдан кейін, сол жылдың шілдесіне дейін «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінде бола тұрды.

2010 жылдың шілдесі мен 2011 жылдың қарашасы аралығында Жұманғарин «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болды және 2012 жылдың наурызынан шілдесіне дейін Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры қызметін атқарды.

2012 жылдың 25 шілдесінен келесі жылдың қаңтарына дейін Жұманғарин Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитетін басқарды және 2013 жылдың ақпанынан 2014 жылдың 15 тамызына дейін ол — Өңірлік даму вице-министрі.

2014–2017 жылдары ол Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы болса, 2017–2019 жылдары сол министрліктің вице-министрі.[2]

2019 жылдың 20 желтоқсанында ол Еуразиялық Экономикалық комиссияда Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі болып тағайындалды, бұл қызметін 2020 жылдың 14 тамызына дейін жалғастырды. 2020 жылдың 14 қыркүйегінде ол Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне басшылық етті.

2022 жылдың тамызында ол президент қаулысымен Премьер-министр орынбасары — Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысы болып тағайындалды және агенттіктің төрағасы лауазымынан босатылды.[3] Сол жылдың қыркүйегінде ол толыққанды премьер орынбасары — министр болып тағайындалған және келесі жылдың 3 сәуірінде қайта тағайындалды.[1]

2023 жылдың 2 қыркүйегінде күшке енген президенттің жарлығымен ол министр лауазымынан босатылды да, Премьер-министр орынбасары болуын жалғастырды.[4]

Жұманғарин — 2019 жылдан бері Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі және 2022 жылдан бері ЕЭК Кеңесіндегі Қазақстанның өкілі, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы мен «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы Директорлар кеңестерінің мүшесі.[1]

Сын

Thumb
Серік Жұманғарин мен Талибан үкіметінің өкілі, Ауғанстан Сауда және өнеркәсіп министрі Нуриддин Азизи (ағыл.), 2023 жылдың тамызы

Журналистке ұрысқаны

2019 жылы сол кезде вице-министр болған Жұманғарин тілшілерге "Жынымды келтірмеңізші!" деп ұрысқаны бар.[5] Осы сөзі үшін ол сынға ұшыраған,[6] бірнеше күннен кейін «сөйлеу мәнерінің шектен шыққанын» мойындады да, журналистерден кешірім сұрады.[7]

Жылжымайтын мүлік дауы

2016 жылы "Бәсе" YouTube арнасы Ұлттық экономика министрлігінде табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің жетекшісі болып тұрған Жұманғаринға қарсы "пара ретінде 10 пәтер алғанын", "тоғызын әйелінің атына рәсімдегенін" деген айып салған. 2023 жылдың 22 ақпанында ол бұл айыпты "интернет-арна жариялаған ақпаратты жала жабу және фактілерді бұрмалау" деп атады және пәтерлерді өз еңбегімен тапқанын, ешқандай заңсыз әрекет жасамағанын айтты.[6]

Ауғанстан делегациясын қарсы алғаны

Үкіметін ресми түрде мойындамағанына және Талибанды террористік ұйым қатарына енгізбегеніне қарамастан, 2023 жылдың 3 тамызында Астанада ауған-қазақ бизнес-форумы өткізілді. Форумға 200 ауғандық делегат келген және оның барысында 200 миллион долларға жуық келісім-шартқа қол қойылды.[8] Форумға қатысқан қонақтар қатарында Ауғанстан Сауда және өнеркәсіп министрі Нуриддин Азизи (ағыл.),[9] Қазақстан Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин[10] және оның орынбасары Қайрат Төребаев[11] болды.

Шегіртке жайлы сөзі

Қазақстандағы паразит қара шегірткелер мәселесі жайлы сөйлегенде, Жұманғарин олардың тағам ретінде желінуінің халал екенін айтып кетті.[12] Қазақтың ұлттық тағамдары арасында жәндіктің еш болмағандығынан Жұманғаринның бұл сөзі сынға алынды, үлкен талқыға ұласты және Жұманғаринның елдегі паразит мәселесіне дұрыс қарамағанына ұқсады.[13] Жұманғаринның бұл сөзін депутат Ерлан Саиров та сынға алды.[14]

Даулы болған сөзі жайлы Жұманғаринге қайта сұрақ қойғанда, ол бұл сөздің «"шиеленісті" қоғамдық-саяси өмірдегі [БАҚ-тың] көңілін көтеру үшін» айтқанын белгілеп кетті. Сонымен қатар, ол ешқашан да халықтың шегіртке жеуін ұсынбағанын айтады.[12] Серік Жұманғарин 2024 жылы Қазақстанда қара шегірткелер көбеюі мәселесінің орын алмайтынына уәде де берді.[14]

Марапаттары

Серік Жұманғаринның марапаттары:[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.